in

Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барды (фото, видео)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды astana24.com.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылғы 8 мамырда хабарлады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 8 мамырда мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров президент Мәскеуде өтетін салтанатты парадқа қатысатынын хабарлаған.