in

Тоқаев Оңтүстік Кореяда тұратын қазақстандықтармен кездесті (фото)

Сеулге мемлекеттік сапары барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяда оқып жатқан және еңбек етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.

Жүздесуде президент отандастарымызбен емен-жарқын әңгімелесіп, Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге тоқталған.

Кореядағы қазақстандықтар оқуда, қызметте қол жеткізген табыстарын тілге тиек етіп, мақсат-межелерін айтқан.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяда тұратын Қазақстан азаматтары мен студенттерге сәттілік тілеген.