Хабарлама түскеннен кейін 5 минут ішінде Ақмола облысының ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына келген. Өрт сөндірушілер жанған ғимараттан 8 газ баллонын алып шықты және 10-нан астам адамды құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан шамамен 20 адам зардап шекті, 7 адам қаза тапты.
Өрт толығымен сөндірілді. Құтқарушылар ғимараттағы қирандыларды шығару жұмыстарын жүргізуде. Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталуда. Ақмола облысы ТЖД-да жедел желі телефоны іске қосылды: 8 (7162) 514-298.
Оқиға орнына ТЖД басшылығы, облыс әкімінің орынбасары, барлық ТЖД бөлімшелері, соның ішінде өрт сөндіру есептері, құтқару топтары, медициналық қызметтер мен полиция, газ-техникалық инспекция келді. ТЖМ санавиациясы және жедел медициналық көмек машиналары жоғары дайындыққа алынды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
