in

Қазақстанда Қауіпсіздік кеңесінің аппараты құрылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Aqorda.kz.

"Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылды", – делінген мемлекет басшысы баспасөз қызметінің ресми Telegram-арнасында.