Бұл бағдарламаны әлемдегі ең танымал стартап акселераторлардың бірі Y Combinator ұйымдастырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Игорь TabAI стартапын өз бетінше әзірлеген. Бұл жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін көмекші, ол пайдаланушының цифрлық белсенділігін талдап, тапсырмаларды жүйелеуге және жұмыс үдерістерін басқаруға көмектеседі. Өнім ақпараттық жүктемені азайтуға бағытталған. Қазіргі таңда TabAI платформасын әлем бойынша шамамен 20 мың қолданушы пайдаланады.
Жоба халықаралық қауымдастықтың назарын аударды. Стартап 35 мың доллар көлеміндегі инвестицияны, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға арналған Google грантын алды. Бағдарламадағы жас шектеулеріне қарамастан, Y Combinator командасы Игорьді шақыру туралы шешім қабылдап, оның Кремний алқабындағы YC Startup School бағдарламасына қатысу шығындарын толық өтеді. Оның ішінде жол ақысы, тұру және оқуы қарастырылған.
Сонымен қатар Игорь Мартынюк жасанды интеллект саласындағы қарқынды дамып келе жатқан Cursor компаниясының ресми амбассадоры атанды. Бұл рөлде ол Қазақстан мен Орталық Азияда әзірлеушілер қауымдастығын дамытып, хакатондар, митаптар және білім беру іс шараларын ұйымдастырады.
Игорь алдағы уақытта жобаны дамытуды жалғастырып, халықаралық бағдарламаларға қатысуды және Y Combinator негізгі іріктеуіне өтінім беруді жоспарлап отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
