in

Қазақстанның бірнеше өңірінде Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылары тағайындалды

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығымен Қазақстанның бірнеше өңірінде Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылары тағайындалды, деп хабарлайды astana24.com.

ҚМА-ның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, мына тұлғалар басшылық лауазымға келген:

– генерал-майор Балғабаев Ерболат Темірболатұлы – Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымына;

– полковник Тюмелиев Еркін Амангелдіұлы – Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымына;

– полковник Есенов Ерік Өмірбекұлы – Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымына;

– полковник Бөкешев Дастан Балтабайұлы – Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымына;

– полковник Құрақбаев Дархан Ғалымтайұлы – Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымына;

– полковник Абулхаиров Бақытжан Рахманұлы – Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымына;

– подполковник Төлеутай Нұраби Рашидұлы – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымына;

– подполковник Балғалиев Сабырғали Базарғалиұлы – Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған.