Мемлекет басшысы Словения президенті Наташа Пирц-Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды Словенияның ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады. Жеделхатта:
– Астана мен Любляна арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Сіздің биылғы көктемде Астанаға жасаған ресми сапарыңыздың қорытындыларын жоғары бағалаймын. Біз қол жеткізген уағдаластықтар қазақ-словен сан қырлы ықпалдастығын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін, – делінген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.