in

Құндылықтарға негізделген финтех: Bereke Bank клиенттердің кері байланысы арқылы қызметтерді қалай дамытады?

Demo Day аясында MVP презентациялары, PI-пойыздарының (ARTs) нәтижелері мен стратегиялық бастамалар ұсынылды, сондай-ақ «Берекелі іс 3.0» байқауының финалы өтті. Мұндағы басты ерекшелік — шешімдерді жоғары басшылар емес, тікелей клиенттер мен сыртқы сарапшылар бағалады. Олардың пікірлері жеңімпаздарды анықтауда шешуші рөл атқарды.

«Big Demo Day – бұл идеялар іске асатын сәт. Бұл күндері біз жай ғана тұжырымдамаларды емес, клиенттердің тәжірибесін түбегейлі өзгертуге дайын нақты өнімдерді ұсындық. Барлық назар пайдаланушылардың қажеттілігін орындайтын командаларда болды», – деп атап өтті Әсел Мақсатбекқызы, «Bereke Bank» АҚ-ның (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) Agile Office директоры.

«Берекелі іс»: ішкі байқаудан бастап инновациялар мектебіне дейінгі жол

«Берекелі іс» – бұл 2023 жылдан бері қызметкерлерді жай ғана идея ұсынуға емес, оларды толыққанды өнімге айналдыруға шабыттандыратын ішкі идеялар акселераторы.

Бұл бастаманың туындауы кездейсоқ емес. Bereke Bank түбегейлі өзгерістер кезеңінен өтті – жаңа акционер, жаңа стратегия, жаңа бренд. Бірақ шын мәнінде клиентке жақын болу үшін тек басшылықтың күші жеткіліксіз. Нағыз өзгеріс қызметкерлерден басталуы керек. Идея мен бастама сол жерде туындайды.

«Бүгінде клиенттің не қалайтынын шын түсінетін, дәстүрден тыс ойлап, ерекше әрі нәтиже беретін шешімдерге батылдықпен қадам басатындар ұтады. «Берекелі іс» – тек байқау емес, бұл – жаңа мүмкіндіктерге бастар жол», – деді Әсел Мақсатбекқызы.

Байқаудың өту тәртібі

Қызметкерлер өз идеяларын жүзеге асыру үшін байқауға жеке немесе түрлі мамандық иелерінен құралған топпен бірге қатыса алды. 

Қатысушылар өнімді жасау барысында толық кезеңнен өтті: клиенттің мәселесін зерттеуден, бәсекелестерді сараптаудан бастап, прототип жасауға, пайдаланушыларға қаншалықты ыңғайлы екенін тексеруге және ең маңыздысы — клиенттердің оны сатып алып, пайдалануға дайын екенін сынақтан өткізді.

Номинациялар – амбицияның үш деңгейі:

• «Әлемді өзгерт» – нарық үшін бірегей, ойын ережесін өзгертетін шешімдер.

• «Үздік шешім» – толығымен жетіліп, бәсекеге төтеп беретін өнімдер.

• «Панк-Банк» – «вау» әсерін тудыратын, тез әрі жаңашыл функциялар.

Байқауға тек сыртқы клиенттік сервистер ғана емес, ішкі шешімдер – автоматтандыру, процестер мен қызметкерлерге арналған құралдар да қатысты. Bereke Bank үшін құндылықтар барлық деңгейде сақталған жағдайда ғана инновация мәдениеті қалыптасады.

2025 жылдың жеңімпаздары: идиядан құндылыққа дейін 

Байқаудың жүлде қоры 31 млн теңгені құрады. Жеңімпаздарды екі төреші тобы анықтады: клиенттер – сыртқы шешімдер бойынша және ішкі пайдаланушылар мен сарапшылар – ішкі шешімдер бойынша. Ең басты талап – клиентке шынайы пайда әкелу.      

«Үздік шешім»

«Кепілсіз кэш кредит» командасы ұсынған «Кредит конструкторы» жобасы – клиентке кредит алу мүмкіндігін икемді, ашық әрі жылдам қамтамасыз ететін онлайн құрал.

«Панк-Банк»:

• «Кепілсіз кэш кредит» – «Екінші мүмкіндік» сервисі, клиентке кредит бойынша бас тарту себебін түсіндіретін және мәселені шешу жолдарын ұсынатын құрал.

• «Мемлекеттік сервистер» – әкімшілік айыппұлдар мен салық қарыздары туралы автоматты хабарламалар.

• «AI-оператор & CRM Premier» – бұл клиенттің карточкасын CRM жүйесінде толықтыратын AI-агент.

• «Валюталық бақылау» – SWIFT-аударымдарға арналған SMART Currency Control.

• «Synergy Team» – қойма операцияларын басқаруға арналған цифрлық шешім.

«Мұнда жеңіске презентациялар емес, нақты жұмыс істейтін сервистер жетеді. Жеңіске жету оңай емес: клиенттердің кем дегенде 80%-ы шешімнің шын мәнінде клиенттік жолды (CJM) жақсартатынын мойындауы керек. Bereke-нің басты ерекшелігі де осыда – біз бірден оның клиенттерге берер пайдасын тексереміз», – деді Әсел. 

Кейс-оқиғалар: идеялардың сабақтастығы

Жыл сайын бұл байқау банк өмірінің бір бөлігіне айналатын шешімдерді дүниеге әкеледі. Былтырғы жеңімпаздар:

• «Инсайттар сервисі» – бұл байланыс орталығының қоңырауларын талдай отырып, есептерден тыс клиенттің дауысын естуге мүмкіндік беретін ЖИ-платформа.  

• ART CRM & Premium – құжаттарға тікелей B-Bank қосымшасында қол қою мүмкіндігі.

• ART CRM & ШМББ RUN – проактивті қолдау: клиенттің кез келген кідірісі автоматты түрде CRM жүйесінде лидке айналады.

• «Value Stream Collection» – негізгі клиенттік және заңды деректер бойынша тексерулерді жеделдетіп, қателерді барынша азайтатын автоматтандырылған жүйе.

• Бизнеске арналған ART Daily Banking – бизнеске арналған мемлекеттік сервистер.

• ART «Кредиттік құндылықтар» (Credit Factory командасы | Кепілді кредит) – E2E «Шұғыл қажеттіліктер» өнімінің аясында пәтерді кепілге қойып, онлайн түрде тұтынушылық кредит ресімдеу.

• ART Сыртқы экономикалық қызмет – Bereke Business мобильді қосымшасында жасалатын валюталық аударымдар.

Бұл кейстер қазірдің өзінде жұмыс істеп, ресурстарды үнемдеп, қызметті ыңғайлы етуде. 

Big Demo Day: болашақтың бастауы

«Берекелі іс» финалы – Big Demo Day аясындағы ірі офлайн іс-шараның бір бөлігі, ол тікелей эфирде көрсетілді. Екі күн ішінде ондаған кейстер, PI-нәтижелер мен Agile- командалардың (ARTs) жобалары ұсынылды. Қонақтар, соның ішінде клиенттер, сервистерді сынап көріп, кері байланыс беруге мүмкіндік алды.

«Бұл – жай есеп беру үшін жасалған қойылым емес. Бұл – өзгелерден ерекше екенімізді паш ететін алаң. Мұнда шын пікір бәрінен де маңызды», — деп атап өтті Әсел Мақсатбекқызы.

2025 жылдың үздік ART командалары:

• ML&AI – клиент пен банктің арасындағы қарым-қатынасты жеңілдететін AI-оператор.

• Кредиттік құндылықтар – E2E-кредит, баспананы бағалау және автокредит қызметтері.

Неге бұл маңызды?

Екі жыл ішінде жоба жай байқау емес, толыққанды ішкі инновациялар мектебіне айналды:

• Бірінші толқын – 52 өтінім, 16-сы финалға шықты

• Қатысуға қызығушылық деңгейі айтарлықтай өсті  

• HR-бренд Орталық Азия 2024 премиясының жеңімпазы – «Өңір» номинациясы бойынша 1-інші орын

Келесі қадам қандай?

Bereke Bank қазірдің өзінде «Берекелі іс» жобасының жаңа толқынына дайындықты бастап кетті және Demo Day шарасын өткізу форматын ары қарай дамытуды қолға алды. Алдағы уақытта клиенттерді белсенді қатыстыруға, технологиялық жаңалықтарды кеңінен сынап көруге және ерекше тиімді шешімдерге басымдық берілмек.

Big Demo Day – бұл банк өміріндегі ерекше сәт, мұнда идеялар жай ғана презентациялар бетінде қалып қоймай, шынайы өнімдерге айналып, клиенттердің күнделікті өмірінің бір бөлшегіне айналады.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 27.02.2025 ж. берген № 1.1.199 лицензия