in

Құтқарушылар ес-түссіз жатқан 71 жастағы әжені құтқарып қалды

ТЖМ құтқарушылары 71 жастағы егде адамды құтқарды, – деп жазды Aikyn.kz. 

«Ақмола облысы ТЖД 112 пультіне Көкшетау қ. 1954 ж.т. қарт адамның ұзақ уақыт бойы есік ашпағаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына дереу жеткен құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен есікті ашып, ес-түссіз жатқан әйелді тапты», – делінген ТЖМ хабарламасында. 

Дәрігер-құтқарушы жедел жәрдем бригадасымен бірлесіп дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетіп, кейін оны жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. 

ТЖМ қарт адамдарды қараусыз қалдырмау қажеттігін еске салады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.