in

Әлем чемпионы Төрехан және Махмұд Сабырхан, Нұрбек Оралбай, Санжар Тәшкенбай дауыс берді

Ел намысын халықаралық ареналарда қорғап жүрген спортшылар бұл жолы тек жаттығумен шектелмей, ел үшін маңызды саяси науқанға да белсенді қатысуды жөн санады. Жаттығу арасынан арнайы уақыт тауып, ұлттық құрама мүшелері Ақбастау ауылында орналасқан №760 референдум учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады. Спортшылардың айтуынша, елдің болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әрбір азаматтың белсенділігі ерекше маңызға ие.

Былғары қолғап шеберлері референдумға қатысу әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы екенін атап өтті. Олар ел дамуына, мемлекетіміздің ертеңіне бейжай қарамай, осындай маңызды сәттерде өз ұстанымын білдіру  нағыз отансүйгіштіктің белгісі екенін жеткізді.

Еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс бергендер қатарында Қазақстандық спортшы, бокс шебері, әлем чемпиондары ағайынды Төрехан және Махмұд  Сабырхан, Қазақстандық әуесқой боксшы, әлем чемпионы және жастар арасындағы әлем чемпионы Оралбай Нұрбек, Азияның үш дүркін чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сағындық Тоғамбай, әлемнің екі дүркін чемпионы Санжар  Тәшкенбай бар. 

Спортшылар жастарды ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси шараларға белсенді қатысуға шақырды. 

Назгүл НАЗАРБЕК, Түркістан облысы