Әмірбек Оспанбеков президенттің парламенттегі өкілдігінің басшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Әмірбек Қанатбекұлы Оспанбеков Қазақстан Республикасы президентінің Қазақстан Республикасы парламентіндегі өкілдігінің басшысы лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.
Ақорданың ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Әмірбек Оспанбеков 1982 жылы дүниеге келген.
2022 жылы ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институты, заңгер, 2012 жылы "Тұран-Астана" университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.
2000-2007 жылдары Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында қызмет еткен.
2007-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы парламенті сенаты депутатының көмекшісі.
2010-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы парламенті сенаты аппараты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара байланыс жасау бөлімінің бас консультанты.
2013-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы парламенті сенаты аппараты Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы парламенті сенаты аппараты Кадр жұмысы және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі.
2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті Кеңсесі бастығының орынбасары.
2022 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы президентінің Қазақстан Республикасы парламентіндегі өкілдігінің басшысы лауазымына тағайындалды.
