in

Өзбекстанға жұмыс сапарымен барған Тоқаевты Бұхара әуежайында Мирзиеев қарсы алды (фото)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, Бұхара қаласының әуежайында мәртебелі мейманды Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қарсы алған.

Салтанатты қарсы алу рәсімінде Қазақстан президентінің құрметіне ұлттық ән мен би орындалған.

"Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, шаһардағы бірқатар тарихи және өнеркәсіп нысанын аралайды", – делінген хабарламада.