in

Азаматтық қорғау туралы заңға қол қойылды: 3 есе үстемеақылар, санаторий-курорттық емдеу енгізіледі

Президент азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Құжат азаматтық қорғау жүйесін жаңғыртуға, қызметкерлердің құқықтық мәртебесін арттыруға, өрт, өнеркәсіптік және сейсмикалық қауіпсіздікті күшейтуге, сондай-ақ азаматтық қорғанысты дамытуға бағытталған.

Негізгі өзгерістер:

Өрт қауіпсіздігі: ТЖМ 28 метрден асатын адамдар көп баратын объектілердің сәйкестігі туралы қорытынды беретін болады. Өрттен зақымданған жағдайда ауданы 2 мың шаршы метрден асатын адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің жауапкершілігін сақтандыру енгізіледі.

Ерікті өртке қарсы құралымдар: Еңбек қатынасында тұрмаған еріктілердің жарақаттануы немесе қаза табуы кезінде төлемдерді белгілейді, жұмыс істейтін еріктілердің жалақысын сақтау және өртті сөндіру кезеңінде негізгі еңбек міндеттерінен босату.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік: ТЖ министрлігіне қауіпті өндірістік объектілерді модернизациялау жоспарын келіседі. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін мамандандырылған инфрақұрылыммен жарақтандыру талап етіледі. Мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібі белгіленеді.

Сейсмикалық қауіпсіздік: ТЖМ сейсмикалық аймақтарға бөлудің (аудандастырудың) және сейсмикалық тәуекел карталарының әртүрлі масштабты карталарын әзірлеу және қолдану тәртібін, сейсмологиялық мониторинг жүргізу тәртібін айқындайтын болады.

Азаматтық қорғаныс: Қорғаныш құрылыстары жылжымайтын мүлік ретінде тіркелуге жатады. «Қарапайым пана» (мысалы, жерасты паркингтері) қолданылатын болады. Мемлекеттік органдардың азаматтық қорғаныс саласындағы өкілеттіктері кеңейтілуде.

Мемлекеттік бақылау: ТЖ министрлігіне орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге қатысты ТЖ-ның алдын алу шараларын бақылау функциялары беріледі.

Туристердің қауіпсіздігі: ТЖМ адам өміріне қауіп-қатердің жоғарылауына байланысты туристер, экскурсанттар және Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жетуі қиын жерлер, су, тау және спелеологиялық объектілердің тізбесі мен ТЖМ аумақтық органдарын саяхат басталғанға дейін жетуі қиын жерлерге, су, тау және спелеологиялық объектілерге саяхат кезінде жүріп-тұру маршруттары туралы хабардар ету тәртібін айқындайтын болады.

Қызметкерлерді әлеуметтік қорғау: Тұрғын үй төлемдері, ротация кезінде қосымша төлемдер, ТЖ-да 3 есе үстемеақылар, санаторий-курорттық емдеу енгізіледі. Шаралар қызмет жағдайларын жақсартуға және мамандарды тартуға бағытталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.