in

Александр Бублик Туриндегі теннис турнирінің финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Италияның Турин қаласында өткен ATP Challenger турнирінің финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

“Спорт Шредингера” телеграм каналының мәліметінше, жартылай финалда ол неміс теннисшісі Даниэль Альтмайерді (ATP №71) 6:2, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңді.

Бұл – А. Бубликтің биылғы маусымдағы топырақ жабындысындағы алғашқы финалы.

Финалға шыққаны үшін ол 90 рейтингтік ұпай мен 20 590 еуро сыйақы алды.

 

Жарыс жеңімпазы атағы үшін Бублик Қытай спортшысы Бо Юнчаокетемен (ATP №73) кездеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз