in

Алматыда екі апта бұрын жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

Алматы қаласында 14 қазанда жоғалып кеткен 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілер қозғалысы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, Абдусалам Таскуловтың мәйіті 30 қазан күні табылған.

Ер адам 14 қазан күні Қарасай ауданы “Асыл Арман” шағынауданындағы үйінен сағат 22:30-да шығып кетіп, қайтып оралмаған.