Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мағира Қожахметованың 80 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әдеби кеште жазушының сан қырлы шығармашылық жолы, ұлттық журналистика мен әдебиетке қосқан үлесі туралы мазмұнды баяндамалар жасалды. Сондай-ақ қаламгердің прозалық және публицистикалық туындыларындағы ұлттық дүниетаным, рухани құндылықтары кеңінен сөз болды.
Сонымен қатар іс-шара барысында кітапхана қорындағы материалдар негізінде арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
