in

Алматылық құтқарушылар өзенге құлап кеткен көлікті алып шықты

Алматы қалалық ТЖ бөліміне Кіші Алматы өзенінің арнасында «Алмарасан» шатқалында көлік тұрып қалғаны туралы хабарлама түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Хабарлама түскеннен кейін ТЖМ «Барыс» РЖҚ құтқарушылары, Құтқару қызметі, Алматы қ. ТЖД қызметкерлері және «Қазселденқорғау» мамандары жедел түрде оқиға орнына барды.

– ТЖМ Қазселденқорғау автокранының көмегімен, сондай-ақ құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында автокөлік судан шығарылып, иесіне берілді. Зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада. 

Құтқарушылар қауіпсіздік шараларын сақтауды және су деңгейі көтерілген кезеңде өзен арналары мен тау шатқалдарына автокөлікпен бармауды ескертеді.