Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев пен Оман Сұлтандығының қаржы министрі Сұлтан Әл-Хабси арасында өткен екіжақты кездесу аясында мәлім болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кездесу барысында көлік секторындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды. Әсіресе, Оманның Сухар, Салала және Дукм порттары ерекше назарға алынып, осы порттар аясында ынтымақтастық орнату мүмкіндігі атап өтілді. Өз кезегінде Сұлтан Әл-Хабси Қазақстанмен «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізі бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді.
Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Оман Сұлтандығы арасында әуеқатынасын қайта жаңғырту бастамаларын талқылады. Маусым айында омандық SalamAir әуекомпаниясы Алматы-Маскат бағыты бойынша рейстерді қайта бастайды.
Тараптар көлік және логистика салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.