Алматы облысының Кеген ауданында құтқарушылар жолда қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге жедел көмек көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Оқиға Кеген–Түп автожолында, Қарқара ауылы мен Кеген шекара заставасының арасында болған.
Бүгін аталған бағытта қозғалып келе жатқан минивэн көлігі жолдан шығып, кюветке түсіп кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен көлікті кюветтен шығарып алды.
Көлікте Қырғыз Республикасының екі азаматы болған. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмаған. Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін жолаушылар жолдарын әрі қарай жалғастырды, – деп хабарлайды ТЖМ
