Қазгидрометтің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанады: жаңбыр мен найзағай, екпінді жел, күндізгі уақытта бұршақ күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін еліміздің батысында, оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Батысында, солтүстік-батысында қатты ыстық күтілуде.
Республиканың қалған аумағында ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтілуде, күндіз еліміздің орталығында, оңтүстігінде 35-40 градус қатты ыстық болады деп болжануда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.