in

Астанада жол апатына түсіп, екі аяғынан айырылған қызға қандай көмек көрсетіліп жатыр

Астана қаласында болған жол-көлік оқиғасына байланысты зардап шеккен баланың отбасына алғашқы күннен бастап жан-жақты көмек көрсетіп жатыр, – деп хабарлайды  Аikyn.kz сайты.і Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жариялады.

Әкімдік пен автобус парк өкілдері баланың ата-анасымен және туыстарымен кездесіп, қолдан келер көмегінен аянар емес.

Олар мынадай шаралар белгіледі:

– автобус паркі сақтандыру полисі есебінен 19,6 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемі (қазіргі заң аясында тиісті рәсімдер жүргізіліп жатыр);

– қосымша автобус паркі тарапынан 10 миллион теңге көлемінде демеушілік көмек көрсету туралы шешім қабылданды;

– отбасы Ақмола облысынан болғандықтан, емделу және оңалу кезеңінде уақытша баспана жалдау бойынша көмек ұсынылды;

– медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр;

– әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша сүйемелдеу қамтамасыз етілуде, –  делінген хабарламады. 

Қазір баланың жағдайы тұрақты, бейінді бөлімшеге ауыстырылған.  Осы ұсынылған шаралар жайында зардап шеккен қыздың туыстары хабардар.

Ел ішінде үлкен резонанс тудырған жол-көлік оқиғасы 2 маусым күні болған. Автобус Республика даңғылында жол бойындағы бағанаға соғылған болатын. Жол-көлік оқиғасы кезінде 15 жолаушы зардап шегіп, үшеуі ауыр халде ауруханаға түсті. Қатты зардап шеккен 8 жастағы қыз екі аяғынан айырылған. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, автобус жүргізушісі қамауға алынды. Кейін елорда әкімдігі көлік апаты туралы мәлімдеме жасады.

Қазір ауруханада жатқан екі науқасқа да жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Олар да сақтандыру төлемін алады.