in

Астанада конкурдан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

31 қазан мен 2 қараша күндері Астана қаласындағы «Арғымақ» ат спорт кешенінде Қазақстан Республикасының конкур бойынша чемпионаты өтті. Биылғы жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 40-тан астам шабандоз қатысты. 2 қарашада чемпионаттың финалдық кезеңі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Шешуші маршруттар тартысты өтіп, жарыстың абсолютті жеңімпаздары анықталды.

«А» тобы – кедергілердің биіктігі 145 см

Маршрут қорытындысы:

1-орын — Раиса Соколенко (Prestige Horse Club) — Уран-Над Виграми атты атымен — 4 айып ұпайы, 70.34 сек.

2-орын — Олег Соколенко (Prestige Horse Club) — Синдерелла атты атымен — 4 айып ұпайы, 72.66 сек.

3-орын — Ксения Баталова ( «Дарнис» Ат спорты клубы) — Леди Ди атты атымен — 4 айып ұпайы, 73.86 сек.

«B» тобы – кедергілердің биіктігі 130 см

Маршрут қорытындысы:

1-орын — Эстелла Бабаян ( Шымкент қ. Ат спорты клубы) — Таймаз атты атымен — 4 айып ұпайы, 72.21 сек. / қайта жүру — 36.03 сек.

2-орын — Ануар Досмаилов ( «Көкпар Астана» клубы) — Обама атты атымен — 4 айып ұпайы, 78.71 сек. / қайта жүру — 41.00 сек.

3-орын — Раиса Соколенко (Prestige Horse Club) — Клю Голд атты атымен — 4 айып ұпайы, 71.56 сек. / қайта жүру — 33.85 сек.

Қазақстан Республикасының конкур бойынша абсолютті чемпиондары — 2025

«А» тобы

1-орын — Олег Соколенко — Синдерелла (Prestige Horse Club)

2-орын — Раиса Соколенко — Уран-Над Виграми (Prestige Horse Club)

3-орын — Азамат Хасенов — Мун Фейри («Көкпар Астана» клубы)

3-орын — Ксения Баталова — Леди Ди (АСК «Дарнис»)

«B» тобы

1-орын — Эстелла Бабаян — Таймаз (АСК Шымкент қ.)

2-орын — Нұрболат Қартқожақ — Бүркіт (Prestige Horse Club)

3-орын — Ануар Досмаилов — Обама («Көкпар Астана» клубы)

Қазақстан Республикасының Ат спорты федерациясы барлық спортшға, жаттықтырушыларға, төрешілер мен ұйымдастырушыларға жарысты жоғары деңгейде өткізгені үшін алғыс білдірді.