Астанада Тұран даңғылының Сығанақ көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің үстіңгі қабатын салу жұмысы жалғасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты, 7-12 шілде аралығында осы учаскедегі қозғалыс ішінара кезең-кезеңмен жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бірінші әуежайдан қалаға қарай, кейін қаладан әуежайға қарай бір бағытта ғана ұйымдастырылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.