in

Астанада өткен BAIQYMYZ қымыз фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Астана қаласында өткен BAIQYMYZ гастрофестивалі ұлттық тағамдарды дәріптейтін ауқымды шараға айналды. Фестиваль аясында Қазақстанның әр өңірінен келген үздік өнім өндірушілер бақ сынасты, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Нәтижесінде, Абай облысы Абай ауданы Саржал ауылының «Жаныс» шаруа қожалығы бас жүлдені жеңіп алып, 20 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

Қарағанды облысы Қарқаралы өңірінің «Қарыншы» шаруа қожалығы 2-орын алып, 15 миллион теңгемен марапатталды. Ал үшінші орынға ие болған Ақмола облысы Бурабай ауданы «Қымызынай» өнімі 10 миллион теңгеге ие болды.

Фестиваль барысында ұлттық тағамдар мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің дәмі мен сапасына ерекше мән берілді. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарды құттықтап, қазақ гастрономиясын дәріптеуге қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз