Астанаға жеңіл рельсті көлік желісін (LRT) сынақтан өткізу бойынша жоспарлы іс-шаралар аясында тағы екі жылжымалы құрам жеткізілді. Бұл туралы Aikyn.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
17 және 18 қазанда құрамдар мына эстакадаға орнатылады:
• 17 қазанда бірінші құрам – Қабанбай батыр даңғылы «Астана жұлдызы» стелласы маңындағы №104 және №105 стансалар арасындағы аралықта;
• 18 қазанда екінші құрам – Ш.Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында, №113 (Министрліктер үйі) және №114 (Ұлттық музей) стансалар арасындағы аралықта.
18 қазан сағат 00:00-ден 19 қазан сағат 06.00-ге дейін мамандандырылған техниканы пайдалана отырып, көтеру-монтаждау жұмыстарын орындауға байланысты Ш.Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылыстарында көліктердің қозғалысы уақытша шектеледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.