Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі, ал түнде 19 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі. Желдің жылдамдығы 5,6 м/с болмақ.
Астанада синоптиктердің болжамынша, аздаған бұлт болады. Күндіз ауа температурасы 27 градусқа дейін жетіп, түнде 14 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,7 м/с.
Шымкентте бүгін күн шайдай ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 40 градусқа дейін жетіп, түнде 25 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8,2 м/с деңгейінде болмақ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.