in

Астана әуежайында ер адам әзілдеймін деп 15 тәулікке қамалды

Елордада Түркия азаматы жалған ақпарат бергені үшін ұсталды, деп хабарлайды Аikyn.kz. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің Instagram желісінде жарияланған.

Олардың мәліметінше, Астана әуежайында 47 жастағы Түркия азаматы өзімен бірге тыйым салынған заттар бар деп әзілдей салған. 

“Ақпарат расталмағанымен, бұл тіркеу процесін тоқтатып, жолаушыларды алаңдатты. Ер адам 15 тәулікке қамалды”, – делінген хабарламада.

Полицейлер жолаушыларға қауіпсіздікке қатысты әзіл – жауапкершілікке әкелетін әрекет екенін ескертеді.