in

Асхат Аймағамбетов, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі: Тарихи жәдігердің жоғалуына енді жол берілмейді

Бұ­ған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау жө­нінде нақты тапсырма беріп, археология саласын жүйелеу қажеттігін атап өткен еді. Осы бағытта әзірленген жаңа заң жобасы – жай құжат емес, мәдениетімізге жасалған қауіптің алдын алуға арналған кешенді қадам. Депутаттар мен ғалымдар бірлесе отырып, саладағы ұзақ жылдар қордалан-ған олқылықтарды зерттеп, нақты шешімдер ұсынды. Біз осы заңның мәні неде, оның төл мәде­ниетімізге әсері қандай болмақ және археология саласы нендей өзгерістерге дайын деген сұрақ-тарға жауап алу үшін Мәжіліс депутаты, «AMANAT» пар­тия­сы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетовпен сұхбаттастық.

– Мәжілісте археологиядағы ли­цензия беру тәртібі түбейгелі өз­геретіні айтылды. Ең алдымен, жүй­дегі өзгерістерге тоқталып өтсек.

– Қазір археологияда бір рет ли­­цензия алған ұйым өмір бойы жұ­мыс істей береді. Содан кейін бұл ұйымның мамандары бар ма, тә­жірибесі жеткілікті ме – ешкім қа­рамайды. Бір алған мерзімсіз ли­цензиямен мәдени мұраға қа­тысты кез келген нысанды қаза бе­реді, зерттейді. Себебі бұған дейін қазба жасауға да, рес­тав­рацияға да бір лицензия бері­ле­тін. Формалды түрде оның жеке са­наты болғанымен, іс жүзінде бұл құжат осы екі саланың айыр­ма­шылығын толығымен ескер­мей­ді. Соның салдарынан талай жер­де сапасыз қазба жасалып, ес­керткіштер бүлінуде.

Бұдан былай мұның барлығы да түбегейлі өзгермек. Біз жаңа, әділ лицензиялау жүйесін енгі­зе­міз. Енді археологияға бөлек ли­­­­цензия беріледі, реставрацияға бө­лек. Әрқайсысының өз мерзімі бо­лады – бес жыл. «Бір рет ал­дым, болды» деген әңгіме жоқ. Оған қоса, нақты біліктілік та­лап­тары енгізіледі. Егер біреу заң­ды бұзса, лицензиясын алты ай­ға дейін тоқтата аламыз немесе мүлде қайтарып аламыз.

Бұл өзгеріс не үшін керек? Бірін­ші кезекте – саланы тазалау үшін. Нағыз кәсіби мамандар жұ­мыс істесе, біздің тарихи мұ­ра­мыз да дұрыс қорғалады. Жар­тылай біліммен жасап, ел қа­зы­на­сын бүлдіруге енді жол беріл­­мейді.

– Өз сөзіңізде қазір кім, қай жер­де, не қазып жатыр – соның бә­рі дұрыс тіркелмейді дедіңіз. Жаңа жүйе бұл мәселеге қалай тәр­тіп орнатады?

– Иә, қазір археология са­ла­сын­да біркелкі тәртіп жоқ деуге бо­лады. Қай аймақта, қай жерде қан­дай қазба жүргізілді – толық біл­мейміз. Кім қазды, не тауып ал­ды, сол жұмыс ғылыми стан­дарт­тарға сай ма – бізде толы­ғы­мен ақпарат жоқ. Мысалы, ес­керт­кіштердің өзі 42 түрлі тізімде ша­шылып жатыр. Бір жерде бар, бір жерде жоқ, нақты барлығын қам­титын база жоқ. Ал қазба жұ­мысы туралы есеп деген мүлде тап­сырылмайды десек те болады. Қаз­ба жүргізіледі, бірақ оның нә­тижесі қағазда да, цифрлық жүйеде де жоқ. Жеке-дара табыл­ған жәдігерлер бар, бірақ тұтас ма­териалдар сақталмайды, жо­ға­лады, бақылаусыз кетеді. Нә­ти­­жесінде, бір ескерткішті бірнеше рет зерттеп, уақыт пен қаржы бос­қа кете береді, ал кейбір тари­хи орындар мүлде назарсыз қа­лып, жоғалып жатыр. Бұл – біз­дің мәдени мұрамызға жасал­ған үлкен қауіп. Енді осы жүйе­сіз­дік­тің бәріне нүкте қойылмақ. Ар­хео­логияға толық цифрлық ба­қы­лау енгіземіз. Енді кім қай жер­де қазба жүргізіп жатыр, қан­дай әдіспен, не тапты – бәрі бір жүйеде тіркеледі. Қазба жұ­мыс­тарының есептері, ескерт­кіш­тердің паспорттары, архео­лог­тар туралы ақпарат – барлығы ор­тақ цифрлық платформада бо­лады. Бұл жүйе салаға тәртіп әке­леді, ашықтық орнатады. Бұ­дан былай археологиялық мұ­ра­мыз кездей­соқ адамның қо­лын­да емес, мем­лекеттің ба­қы­­­лауында бола­ды. Бұл – тарихты сақтау жолын­да­ғы маңызды қадам.

– Алдағы уақытта құрылатын Ұлттық археологиялық қызмет жайлы не айтасыз?

– Қазір археология саласында ғылыми бақылау, үйлестіру жоқ. Енді бұл жағдай өзгереді. Әлкей Мар­ғұлан атындағы Археология инс­титутының базасында Ұлт­тық археологиялық қызмет құ­ры­лады. Бұл – археологияның на­ғыз «ми орталығы» болмақ. Яғ­ни, бүкіл саланы бір жерден бас­қаратын, бағыт беретін, ба­қылау орнататын ұйым пайда бо­лады.

Жаңа қызмет қазба жұмыс­та­рын бақылайды, материалдарға ғы­лыми сараптама жасайды, бі­рыңғай ақпараттық жүйені жүр­гізеді. Археологтарға әдістемелік қол­дау көрсетеді, қандай ке­зең­дер мен қандай ескерткіштер зерт­телуі керек екенін анықтап, нақ­ты ғылыми басымдықтарды бел­гілейді. Бұл жүйе археология са­ласын тәртіпке келтіріп, ортақ мақ­сатқа жұмыс істейтін кәсіби құрылым қалыптастырады.

– Қазбадан табылған жаппай материалдар кейде жоғалып етеді немесе дұрыс сақталмайды. Жаңа заң енгізілсе, тарихи жәдігерлердің тағдыры не болады? 

– Дұрыс айтасыз, қазір архео­лог­тар қазба кезінде қаншама жап­пай жәдігерлерді тауып жа­тыр, бірақ сол артефактілердің кейін­гі тағдыры түсініксіз. Біреуі му­зей қоймасында шаң басып тұр, бірі жол-жөнекей жоғалып ке­те­ді, енді бірі мүлде тіркел­ме­ген. Яғни, табылған мұра бар, бір­ақ оның қозғалысы мен сақ­талуына қатысты ортақ тәртіп жоқ. Бұл – үлкен мәселе, себебі әр­бір зат – кешегі күннің көзін­дей, тарихымыздың бір бөлігі, ал біз оны жоғалтып алып жатыр­мыз.

Сондықтан музейлік құн­ды­лы­ғы бар ерекше жәдігерлер заң­ға сәйкес музейлерге өткізіл­се, сандық жағынан көп болатын жап­пай материалдар – арнайы де­­позитарийде сақталады.

Сонымен қатар енді қазба аяқ­­­талған соң археолог жерді қал­­пына келтіру тулалы міндет­те­мені нақтыладық.

– Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жерде кейде тарихи орын­дар шығып қалады. Жаңа заң бұл мәселені қалай реттемек? Құры­лыс та тоқтамай, тарих жоғал­май­тын­дай бір тиімді шешімі бар ма? Жаңа заң осыны қалай рет­тейді?

– Қазір жол салу, су қоймасын тұр­­­ғызу, электр желісін тарту сияқ­­ты ірі құрылыс жұмыстары кей­­де тарихи ескерткіш орна­лас­қан аумақтармен түйісіп қалады. Мұн­дай жағдайда біз бір таң­дау­дың алдында тұрамыз: құрылыс тоқ­тай ма, әлде тарихи мұра жо­ға­ла ма? Тарихи нысан жойылып кет­пеуі үшін алдын ала архео­ло­гиялық зерттеу, яғни экспертиза жүргізілуі керек.

Бірақ бүгінгі тәртіп бойынша ар­хеологтар тек алдын ала бекі­тіл­ген жоспар аясында ғана жұ­мыс істей алады. Мамандардың айтуынша, қағаз жүзінде елімізде жыл сайын шамамен 70 қазба жүргізіледі деп көрсетілген. Ал іс жү­зінде бұл сан 300-ге дейін же­те­ді. Яғни, төрт есе көп жұмыс жа­­салып жатыр, бірақ оның ба­сым бөлігі тіркелмейді, еш жерде көрінбейді, бақылау жоқ. Бұл жағ­дайдың өзі үлкен проблема: бір жағынан, рәсімдер мен бю­рок­ратия құрылыс жобаларын те­жейді; екінші жағынан, дәл уа­қытында археологиялық зерт­теу жүргізілмей, бағалы ескерт­кіш­тер жоғалып кетеді.

Енді археологиялық жұмыс­тар екі бағытқа бөлінеді. Бірінші­сі – жоспарлы қазбалар, яғни ғы­­лы­ми мақсаттағы зерттеу. Екін­шісі – превентивті қазбалар, яғ­ни құрылыс алдында жасала­тын немесе шұғыл археологиялық жұ­мыстар. Бұл тәсіл инф­рақұры­лым жобаларын да тоқтатпайды, археологтардың да жұмысын заң­дастырады әрі мәдени мұра­мыз­ды уақытында сақтап қалуға мүмкіндік береді.

– Металл іздегішпен жүріп та­ри­хи жәдігер іздеу бүгінде кең та­рап кеткен. Заңсыз қазбаларға қар­сы қандай нақты шаралар қа­былданады? 

– Біз қазір тек ежелгі қала­шық­тар мен ескерткіштерді ғана емес, сол жерлерден табылған құн­ды артефактілерді де қолдан жо­ғалтып жатырмыз. Тарихи зат­тар шетелге кетіп, «қара нарық­та» сатылып кетеді. Көп жағдайда олар­­ды металл іздегіш құрыл­ғы­лар арқылы тауып алады. Кей адам­дар мұны жай хобби деп ой­лайды, бірақ шын мәнінде бұл – елдің тарихын ұрлау. Сол үшін жаңа заң жобасында металл ізде­гіштерді және басқа да арнаулы құрылғыларды лицензиясыз қол­дануға тікелей тыйым салу ұсы­нылды. Бұл – археологиялық мұрамызды қорғауға жасалған маңыз­ды қадам.

Дегенмен талқылауды қажет ете­тін үш үлкен мәселе бар. Бі­рін­­шіден, ескерткіштердің қор­ғау аймақтарын жер кадастрына енгізу керек. Неге? Өйткені адам­­­дар құрылыс бастамай тұ­рып, ол жерде тарихи нысан бар-жоғын алдын ала көре алуға тиіс. Қазір мұндай ақпарат ашық емес, сондықтан тарихи аумаққа үй салып қою қаупі бар. Екін­ші­ден, Президент осы саладағы жауапкершілікті күшейтуді тап­сырды. Біз бұл нормаларды заң жобасына енгіздік, бірақ Үкімет әлі қолдамады. Екінші оқылымға дейін бұл міндетті түрде қайта қа­ралуы қажет. Үшіншіден, жер­гілікті тарихи-мәдени мұраны қор­ғау инспекциялары қағаз жү­зінде ғана бар. Олардың құзы­ре­ті де, нақты тетіктері де жоқ. Бұл құрылымды күшейтпей, ар­хео­логияны қорғау толық іске ас­пайды.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан

Кәмила ДҮЙСЕН