in

Атырауда Каспий маңы университеттері бас қосты

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Каспий экожүйесі: ғылым мен білім интеграциясы» тақырыбымен Каспий маңы елдері мемлекеттік университеттері қауымдастығының XXVII Бас ассамблеясының пленарлық мәжілісі өтті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Каспий маңы елдері мемлекеттік университеттері қауымдастығы қазіргі күні аймақтың ғылым, білім және мәдени байланыс саласындағы сенімді әріптесіне айналған.

Алдағы уақытта бұл байланыстар ұлғайып, студенттер мен оқытушылардың тәжірибе алмасуын көздейтін «Каспий маңы кампусы» жобасы қолға алынбақ. Сондай-ақ зерттеу жобалары бойынша стипендия тағайындап, қауымдастық құрамына кіретін елдердің салт-дәстүрін, тілін зерттеп, насихаттауға арналған «Каспий – мәдени диалогтар аймағы» жобасы ұсынылды.

Еуропа, Азия және Таяу Шығыс университеттері қауымдастықтарымен меморандумдарға қол қойылып, Erasmus+, Horizon Europe, Green Central Asia және басқа да халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысу қарастырылды.

Келесі жылы Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтары қауымдастығының құрылғанына 30 жыл толмақ. Кезекті іс-шара қауымдастық мүшелерінің шешімімен Иран Ислам Республикасының Гилян университетінде өтетін болады.