Атырауда видеоблогер кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Аikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Атырауда 33 жастағы видеоблогер мен 39 жастағы қала тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – деп жазылған хабарламада.
Олар жеке кәсіпкерден 2 миллион теңге қорқытып алды деген күдікке ілінді. Сондай-ақ тінту шаралары кезінде полиция қызметкеріне күш қолданған.
Қазір күдіктілерге қатысты қорқытып алу және билік өкіліне күш көрсету әрекеттері бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.