in

Атырауда әкімдік қызметкері өз-өзін мылтықпен атып өлтірді

Алдын ала мәлімет бойынша, 36 жастағы Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Имашев Қуаныш Мұсаұлы отбасылық жанжалдан кейін аңшы мылтығымен өзін атып өлтірген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қайғылы оқиға 30-ынан 31 қазанға қараған түні Құрманғазы ауданында болған.

 

Өңірлік полиция департаменті бұл оқиғаның болғанын растады. Аталған дерек бойынша «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.