in

Ауа райы қолайсыздығына байланысты бірқатар облыста жол жабылды

Ауа райы қолайсыздығына байланысты еліміздің бір қатар аймағындағы жол жабылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы сілтеме жасап. 

23 наурыз сағат 08:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде жол жабылды. Нақтырақ айтсақ, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша автожол учаскелерінде көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді:

«Тимирязево — Сарыкөл — Қостанай облысының шекарасы» автожолының 0–30 шақырымы (Тимирязево ауылы — Қостанай облысының шекарасы учаскесі).

Ақмола облысы:

«Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30–92 шақырымы (Жібек жолы төлем алу пункті — Қарағанды облысының шекарасы учаскесі).

Қарағанды облысы:

«Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92–164 шақырымы (Ақмола облысының шекарасы — Теміртау төлем алу пункті учаскесі).

Павлодар облысы:

«Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — Ресей Федерациясының шекарасы» автожолында («Қалқаман» жолайрығы — Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығаберіс учаскесі).

Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында таулы аймақтың күрделі жағдайына байланысты Осинов асуында 2024–2025 жылғы қысқы кезеңде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына 46–66 шақырым аралығында (Северный ауылына бұрылыс — Серебрянск қаласына бұрылыс учаскесі) шектеу енгізілген.