in

Ауыр салмақты автокөліктердің қозғалысын бақылау күшейтілді

Бұл шара елордада жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға,  жолдардың мерзімінен бұрын тозуын алдын алуға бағытталған.

Көліктік бақылау инспекторлары 7 наурыздан бері ауыр салмақты автокөлік құралдарына бақылауды күшейтті.

Оған 6 жылжымалы бекет пен 40-қа жуық инспектор жұмылдырылды.

Бұл шара биылғы жылдың қыркүйегіне дейін жалғасады. Алдағы уақытта дәл осындай жұмыс еліміздің барлық өңірлерінде басталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.