in

Ауғанстанда болған күшті жер сілкінісі Түркістан облысында сезілді

3 қараша күні ҚР ТЖМ “СБЗҒҰ” ЖШС сейсмикалық стансалар желісі Астана уақытымен сағат 01:29-да жер сілкінісін тіркеді. Зілзаланың эпицентрі Ауғанстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1 079 шақырым қашықтықта орналасқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жер сілкінісінің магнитудасы 6,2 балл болған. Қазақстандық сейсмологтердің мәліметінше, Шымкент пен Түркістан облысының Жетісай, Шардара қалаларында және Мырзакент ауылында (Мақтаарал ауданы) 2 балдық деңгейде сезілген. 

Төтенше жағдайлар министрлігіне зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы туралы ақпарат түскен жоқ. 

Ал Ауғанстанда қауіптің «қызғылт сары» деңгейі жарияланды. Елде бірнеше ғимарат қирап, жүздеген үйдің қабырғасына сызат түскен. Құрбандар болуы да мүмкін. Негізгі сілкіністен кейін кемі бес афтершок тіркелді, олардың күші 5,2 балға дейін жеткен. 

Сондай-ақ жерасты дүмпулері Қазақстаннан бөлек, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Пәкістан аумағында да сезілген.