in

Ақмола облысында 400 басқа арналған заманауи сүт-тауар фермасы іске қосылды

Инвестициялық жоба Еленовка ауылында  Agro Milk Project  ЖШС тарапынан жүзеге асырылды. Бүгінде құрылыс жұмыстары толық аяқталып, сауу жабдықтары орнатылып, іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Голштин-фриз тұқымды ірі қараның жалпы саны биылғы төлді қоса есептегенде шамамен 440 басқа жетті. Қазіргі уақытта тәулігіне 4 тонна сүт өндіріледі, жаз мезгіліне қарай бұл көрсеткішті 6-6,5 тоннаға дейін, ал келесі жылы 8 тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Алдағы уақытта ферма дамуының екінші кезеңі қарастырылған, онда қосымша сиыр қорасы мен екі бұзау қорасын салу арқылы өндірістік қуатты кеңейту көзделген», – деп атап өтті  Agro Milk Project  ЖШС директоры Юрий Швец.

Өндірілген өнімнің барлығы  Milk Project  өңдеу зауытына жеткізілетін болады. Кәсіпорынның толық жобалық қуатына шығуы мал басының бейімделуіне қарай жыл соңына дейін жоспарланған.

«Айта кету керек, фермадағы сиырлар «Родина» агрофирмасынан және Қазақстанның басқа да ауыл шаруашылығы құрылымдарынан әкелінген, бұл олардың жергілікті жағдайға бейімделуін жеңілдетеді. Бұл тұқым өңірімізде өзін жақсы көрсетті. Жалпы, мал шаруашылығы жобаларын іске асыру елорда маңында азық-түлік белдеуін қалыптастыруға бағытталған», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Айта кетейік, Еленовка ауылындағы жоба сүтті мал шаруашылығын дамыту бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып саналады. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесіне негізделген АӨК саласындағы несиелеу бағдарламасы аясында 2023-2025 жылдары тағы 7 сүт-тауар фермасы қаржыландырылып, олардың 6-уы пайдалануға берілген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.