«Барыс» клубына шетелдік ойыншыларға қаржы бөлетін демеуші табылды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Telegram-арнасы «Штаб Хоккеиста» таратқан ақпаратқа сәйкес, «Барыс» хоккей клубы шетелдік легионерлерді тарту үшін шамамен 300 миллион рубль бөлуге дайын жаңа демеуші тапқан.
Егер бұл келісім жүзеге асса, клубты ресейлік маман баптауы мүмкін. Қазіргі уақытта нақты қай жаттықтырушы жайлы сөз болып жатқандығы белгісіз.
Айта кетейік, қазіргі кезде «Барыс» клубының бас бапкері қызметін Ғалым Мәмбеталиев атқарып отыр.