in

«Бақыттың ерте-кеші жоқ»: 36 жастағы актриса Құралай Анарбекова тұрмысқа шықты

Актриса, продюсер Құралай Анарбекова тұрмысқа шығады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Сүйінші хабарды тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жеткізді.

“Бақыттың ерте-кеші жоқ. Құрбым, жақыным Құралай Анарбекова қалыңдық атанды. Ақжүрек, кеңпейіл азаматың – сені алақанында аялап өтетініне сенемін! Бір-бірін ұзақ күтіп, жолықтырған құрдастарға мәңгілік махаббат тіледім!”, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары актрисаға бақыт тілеп жатыр.

“Құтты болсын! Сұлу қыздың бағы жансын”, “Дұрыс айтасыз, Ләйлә ханым, бақыттың ерте-кеші жоқ. Менің жасым 44-те. Алла жазса, 5 шілде күні ұзату тойым болғалы жатыр. Әр адам бақытты болуға лайықты!”, “Бағы ашылсын, бақытты болсын!”, – деп жазды желі қолданушылары.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.