in

Бірыңғай электронды архив құру мәселесі талқыланады

Жалпы отырыста депутаттарға архив ісі мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылады. Заң жобасында архив құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы құқықтық реттеуді кеңейту, сондай-ақ электронды архив құру көзделген. Қолжазбаларды, суреттерді, сызбаларды, күнделіктерді, хат-хабарларды және мемуарларды сақтау мен пайдалану тәртібі айқындалды. Барлық сандық форматқа көшірілген архив құжаттамасын сақтауды қамтамасыз ететін «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві»  авто­мат­тандырылған жүйесі енгізілуде. Сонымен қатар мемлекеттік архивтердің азамат­тар­дың жеке деректерін және жеке ақпаратын, соның ішінде үшінші тұлғаларға қатысты сұраулар кезінде, қорғау функциялары бекітіледі.

Сондай-ақ жалпы отырыс барысында бейінді комитеттер жаңа ратификация­ланатын заң жобаларын жұмысқа алады. Олар: Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісім, Қазақстан мен Қытай арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісім, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мем­ле­кеттердің радиациялық жағдай мони­торингінің деректерімен алмасу кезіндегі өзара іс-қимылы туралы келісім. 

Отырыста депутаттар Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың төртінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарын талқылайтын болады. 

Сонымен қатар бюро мүшелері Қазақ­станда жасанды интеллектіні дамыту мәселесі бойынша парламенттік тыңдау өткізу жөніндегі бастаманы қолдады.