in

Бүгін Астанада ауа температурасы бірден төмендейді

Астанада дүйсенбі, 8 қыркүйекте, бұлтты әрі салқын ауа райы күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кей уақытта – аздаған жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +12…+13 °C шамасында болса, күндіз +14…+15 °C дейін көтеріледі.

Жел солтүстіктен, жылдамдығы 3-9 м/с.

Күн сағат 05:38-де шығып, 18:44-те батады. Күннің ұзақтығы — 13 сағат 06 минут.

 

Таңертеңгісін аздаған геомагниттік ауытқулар күтіледі.