in

Бүгін – байланыс қызметкерлері күні

17 мамыр күні елімізде Байланыс қызметкерлері күні атап өтіледі. Бұл кәсіби мереке 2019 жылы енгізілген. Дәл осы күннің таңдалу себебі бар. 1865 жылғы 17 мамырда Халықаралық телеграф одағы құрылып, кейін ол Халықаралық электр байланысы одағы болып өзгертілген.

Қазір  байланыс құралдары аса маңызды рөл атқарады. Олар адамдар, ұйымдар мен мемлекет арасындағы тұрақты өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Байланыс қызметкерлерінің еңбегінің арқасында дәрігерлер, құтқарушылар және құқық қорғау органдары уақытылы көмекке келеді, бизнес дамиды, ал мемлекет барлық құрылымдардың жұмысын үйлестіріп, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, экономиканы нығайтады және азаматтарға қажетті қызметтерді ұсынады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.