Қазақстанның футбол құрамасының бас бапкері Әли Әлиев өз қызметінен кететінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бас бапкер бұл жөнінде 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчында ұлттық құрама Бельгиядан 0:6 есебімен жеңілгеннен кейін жариялады.
“Болғанның бәрі, яғни жеңіліс менің кінәм. Мен ол үшін толық жауапкершілікті өз мойыныма аламын. Өтініш жазып, отставкаға кетемін және келген бойда президентке хабарлаймын”, – деді Әлиев матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бес ойын өткізіп, үш ұпай ғана жинай алды.
Әли Әлиев бастаған команда Бельгиядан бөлек, Уэльс (1:3, 0:1) және Солтүстік Македония (0:1) құрамаларынан да ұтылып, тек Лихтенштейн құрамасын (2:0) жеңе алды.