Қазақстандық Виктория Графеева Ливерпульде өткен әлем чемпионатының 1/16 финалындағы алғашқы жекпе-жегінде Косоводан келген Доньета Садикуды 3:2 есебімен жеңді.
Алғашқы раундта төрешілердің төртеуі қазақстандық боксшыға басымдық берді – 4:1. Екінші раундта 3:2 есебімен қарсыласы жеңгенімен, жалпы ұпай бойынша тең нәтижелер тіркелді. Шешуші үшінші раундта Виктория 4:1 есебімен жеңіп, жалпы есепте басым түсті.
Келесі кезеңде, яғни ширек финалға жолдама үшін, Виктория Графеева 9 қыркүйекте жергілікті боксшы Люси Кингс-Уитлимен кездеседі.