in

Данияр Елеусінов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қазір Питтсбург қаласы маңында білікті бапкер Том Янкеллоның залында дайындалып жатыр. Ол 19 шілде күні Вашингтон қаласында өтетін жекпе-жек кешіне қатыспақ. Әзірге қарсыласының есімі жарияланған жоқ.

Данияр Елеусінов соңғы рет 2023 жылдың қыркүйегінде шаршы алаңға шықты. Алматы қаласында филиппиндік Джо Нойнайды нокаутпен жеңген болатын. Одан кейін биыл ақпанда Астанада ғы бокс кешінде жұдырықтасуы керек еді. Алайда All stars boxing промоутерлік компаниясы Олимпиада чемпионын жарнама тақташалары мен билеттер сатылымында пайдаланып, бірер күн қалғанда Данияр шаршы алаңға шықпайтынын жариялады.

Айта кетейік, Данияр бүгінге дейін кәсіпқой рингте 12 кездесу өткізіп, 12-сінде де жеңіске жетті. Оның жетеуін уақытынан бұрын аяқтады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.