in

Димаш тағы да күллі қазақты қуантты

Димаш Құдайбергеннің  Love’s Not Over Yet  әні алғаш рет әлемдегі ең ірі музыкалық радио брендтердің бірі – Radio Disney-дің барлық мексикалық стансаларының ротациясына енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол сол тұста әртістің дауысын Disney радиосынан естуді армандаған екен. Көп ұзамай әншінің әндері 30-дан астам елдегі Dears фан-қоғамдастығы қолдаған халықаралық науқанға айналды.

Әлеуметтік медиа, атап айтқанда X платформасы (бұрынғы Twitter) арқылы жанкүйерлер #DimashRadioDisney хэштегін 2024 жылдың қыркүйек айының соңында трендке айналдырған еді. Бұл Мексикадағы радиостанцияның жүргізушілері мен продюсерлерінің назарын аударды. Пачукадағы Дисней радиосының жүргізушісі Бриссия мен продюсер Эдуардо бұл идеяны қолдап, Димаштың әндерін бағдарламалау бөліміндегі радиостансаның әндер тізіміне енгізу туралы ұсыныс жасады.

Олардың қатысуы мен жанкүйерлердің белсенділігінің арқасында  Love’s Not Over Yet  әні қазір бүкіл Мексиканың Radio Disney эфирінде ойналады.

“Біз Димаш Құдайбергеннің өнерін қолдаушы әншінің жанкүйерлері Dears Mexico фан-клубының ерекше сүйіспеншілікпен жүзеге асырған тамаша жобасын ұсынуға қуаныштымыз.  Love’s Not Over Yet  әні бүкіл Мексикадағы Radio Disney ротациясына енгізілді. Бұл бастама Disney радиосында хабар тарататын Аргентина, Уругвай, Перу сияқты басқа елдердегі жанкүйерлер қауымдастығын шабыттандырады деп үміттенеміз”.