in

Дональд Трамп Қазақстанға келуі мүмкін

«Хабар 24» телеарнасының журналисі АҚШ президенті Дональд Трамптан Қазақстанға сапары жайлы сұрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

– Президент мырза, Қазақстан жайлы пікіріңіз қандай? Орта Азияның осы еліне баратын жоспарыңыз бар ма? – деп сұрады журналист.

Дональд Трамп бұл сұраққа жауап берді.

– Баруым әбден мүмкін. Олармен әңгімеміз мазмұнды болды. Сәлем айтыңыз. Президентіңіз өте жақсы адам! Рақмет! – деді Дональд Трамп.