in

Елімізде жиһаз өндірісі өңдеу өнеркәсібінің көшбасында тұр

Осы жылдың қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша, өңдеу өнеркәсібі 7,2% деңгейінде өсім көрсетті. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев баяндады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ең жоғары өсім машина жасау – 111,2%, химия өнеркәсібі – 111,2%, құрылыс индустриясы – 112,9% және жиһаз өндірісі   114,8% салаларында байқалады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.