in

Елімізде жыл сайын 45 мың адам инсульт алады

Қазақстанда жыл сайын 45 мыңға жуық адам инсульт алады, олардың үштен бірі көз жұмады. 

Бұрын инсульт егде жаста жиі кездессе, қазір 20 жасқа дейінгілер арасында да тіркеліп отыр. 

Дәрігерлер мұны энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтыну, темекі мен вейпке әуестік және туа біткен тамыр патологиясымен байланыстырады.

Мамандардың айтуынша, әсіресе 45 жастан асқандар қауіп тобында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.