Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның батысы мен оңтүстігі антициклонның ықпалында болады. Сондықтан жауын-шашынсыз болады.
Елдің қалған бөлігінде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің салдарынан күн құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігі, шығысы мен орталығында нөсер жауын жауады, жекелеген аудандарда бұршақ жауады.
Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.
Маңғыстау облысында, Атыраудың облысының оңтүстігінде, батысында, Ақмола облысының батысында, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының орталығында өрт қаупі жоғары болады.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында, Қарағанды, Ұлытау облыстарының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Маңғыстаудың солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.