in

Есірткі – ертеңге төнген қауіп

Өңірдің облыстық Полиция де­партаментінің дерегінше, на­шақорлық бизнесімен күреске қо­ғам назарын аударып, заңсыз есірт­кі тасымалына тосқауыл қою опе­рациялары жиі жүзеге асы­ры­лып келеді. Тек жыл басынан бері ға­на облыс аумағында полиция қыз­меткерлерімен заңсыз есірткі ай­налымына қарсы аса ірі көлемде бір­неше шұғыл операциялар жүр­гі­зілген. Жүргізілген жұмыстар­дың нәтижесінде, облыс бойынша 136 нашақорлыққа қатысты құ­қық­бұзушылықтар тіркелген бо­лып шықты. Атап айтқанда, 56 есірт­кі өндіру, бір аса ірі көлемде есірт­кі сақтау және 3 заңсыз есірт­кі заттарын насихаттау және жар­на­малар мен 72 қылмыстық теріс қы­лық фактілері тіркелді. Поли­ция заңсыз айналымнан 88 келі­ден астам түрлі есірткі заттарын тәр­кіледі. Оның ішінде, басым бө­лігі, яғни 6 келіден астамы – син­тетика, бес келіден астамы – га­шиш және 7 келіден жоғары ма­рихуана есірткілері болып шықты. 

Биылғы жыл Ішкі істер ми­нистр­лігімен «Құқықбұзушы­лық­тардың алдын алу жылы: Полиция заң мен тәртіп сақшысы» деп жа­рия­ланған. Жыл сайын құқық қор­ғау органдары жергілікті атқа­ру­шы органдармен бірлесіп түрлі ша­ралар ұйымдастырады. Мәсе­лен, маусым айында есірткі қол­дану және олардың заңсыз ай­на­лымымен күрестің халықаралық күніне орай салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлыққа қар­сы бағыттағы айлық жүзеге асы­рылады. Аталған шара облыс әкі­мінің орынбасары Алтынай Әміреновамен нашақорлыққа қар­сы шаралардың кешенді жос­пары бекітіліп, осы маусым айын­да өткізілетін болды. Айлық шең­берін­де облыс аумағында жүзден астам түрлі профилактикалық ша­ралар ұйымдастырылатын бо­лады. Іс-шараның басты мақсаты – халықтың назарын есірткінің та­ралуы мен қолданылу қаупіне ау­дару, жастардың психоактивті зат­тарды қолдануға деген теріс көз­қарасын қалыптастыру, са­лауат­ты және қауіпсіз өмір салты дағ­дыларын дамыту, өз денсау­лы­ғына ұқыпты қарауды үйрету, дұ­рыс таңдау жасау мен өмірлік басымдықтарды белгілеуге ба­ғыт­тау, – дейді Ақмола облысы Полиция департаметінің есірткі қыл­мысына қарсы күрес басқар­ма­сының бастығы, полиция пол­ковнигі Думан Сабыржанов. 

Мұнымен қоса, есірткіге қар­сы айлық ортақ істе елдің әрбір аза­маты өз үлесін қоса алатынын ес­ке салуға бағытталыпты. Бас­қар­ма басшысы полиция қыз­мет­керлерінің тек профилактикалық шаралар кезінде ғана емес кез келген уақытта азаматтарға көмек беруге ашық екенін атап өтті. Бұл орай­да полиция қызметкерлері есірт­кі қылмыстары мен наша­қорлық мәселелеріне қоғамның назарын аударуға, есірткіге қарсы күрес жүргізетін құқық қорғау ор­гандарына деген халық сенімін арт­тыруға, әсіресе жастар ара­сында есірткіге қарсы дүние­та­ным­ды қалыптастыруға бағыт­талған жұмыстарды жалғастыра бермек. 

– Прокуратура үйлестіруі жа­нын­дағы Ақмола облысы Поли­ция департаментінің есірткі қыл­мысына қарсы іс-қимыл жөніндегі бас­қармасы қызметкерлерімен елор­да мен оның айналасындағы аудан­дарда синтетикалық есірткі дайын­дайтын есірткі зертханасын ұйым­дастырған тұлғалар қолға түсті. Заңсыз бизнестің ұйымд­ас­тырушысын жедел тергеу тобы Ас­та­нада құрықтады. Сонымен бір­ге, Целиноград ауда­ны­на қа-расты Талапкер ауылында да арнайы операция басталған еді. Мұн­да тәртіп сақшылары арнайы бөлімшелер сарбаздарының қол­дауымен тағы да үш бірдей оқиғаға қатысты адамдарды ұстады, – дейді Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук. 

Талапкер ауылындағы тергеу шаралары барысында полицейлер 200 грамға жуық синтетикалық есірткі тәркілеген. Сонымен қатар тінту барысында бірнеше ұялы те­ле­фон, электронды таразылар мен есірткі құрамы бар өсімдіктер салынған ыдыстар, оларды өсіруге арналған құрылғылар мен 9,5 миллион теңгеден астам қаражат та­был­ды. Сондай-ақ тергеушілер Астана қаласында да аса ірі кө­лем­дегі есірткі зертханасының ұйым­дастырылу фактісін анықтады. Жедел тергеу тобы синтетикалық есірткіні әзірлеуге арналған пре­курсорлар мен басқа да химиялық заттарды тәрткілеп алған. По­ли­ция аталған фактілер бойынша қыл­мыстық іс қозғап, әрбір ұстал­ған адамдардың міндеті мен рөлін анықтауға кірісті. Тергеу кезінде бар­лық ұсталған адамдар қамауға алын­ған. Полиция есірткі бизне­сіне тосқауыл қою үшін барлық тиісті шараларды жүзеге асырып, алдағы уақытта нашақорлықпен күрес бағытында жұмыстардың барын­ша кең көлемде жалғаса бере­тінін алға тартты. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы