Шерзат Полаттың қазасына байланысты Талдықорғанда өтіп жатқан сот отырысында айыпталушы Дархан Әскентай сөз сөйледі, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Ол Шерзат Полаттың өліміне оның әкесі Қаржаубай Нұрымовты дәл өзі кінәлі деп санайды.
«Шерзаттың жатқан жері жайлы болсын, жақындарының қайғысына ортақпын. Құрметті сот, менің сол жерде болғаным және досыма хабарласқаным рас. Мен Нұрбол досымды ұрып-соғу үшін болмаса кек алу мақсатында шақырған жоқпын. Видеоматериалды қарасаңыз, мен ешкімге қол көтермедім, теппедім және қолымда пышақ болмады. Мен досым Нұрболды шақырғаныма өкінемін. Аяқасты төбелес болып кетеді деп ойламадым», – деді Дархан Әскентай.
Еске салсақ, Дархан Әскентайды прокурор ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.